Ұлттық банк теңгенің еркін айырбастау бағамы режімін ұстанады - Данияр Ақышев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк теңгенің еркін айырбастау бағамы режімін ұстанып тұр. Бұл туралы Парламент Сенатында тілшілерге Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, соңғы аптада теңгенің АҚШ долларына бағамы шетел валютасына деген сұраныстың жоғары болуы салдарынан әлсіреуін көрсетті. Халықтың шетелге демалысқа бару маусымы сұраныстың артуының негізгі факторлары болды. Соның салдарынан қолма қол ақшаны теңгеден АҚШ долларына айырбастау байқалды.

ҰБ басшысының айтуынша, АҚШ-тың Қазақстанның негізгі сауда әріптесі  Ресейге қатысты салған санкциялары капиталдың РФ-тен шығарылуын күшейтті. Бұл рубль бағамының әлсіреуіне алып келді, яғни ол теңге бағамын қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.

«Ұлттық Банк теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режімін ұстануды жалғастыруда. Валюта нарығына қатысушылар теңгенің бағамын түбегейлі факторлардың ықпал етуімен шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптастырды», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Д.Ақышев соңғы уақытта сыртқы монетарлық талаптардың қатаңдатылуы, геосаяси тәуекелдердің күшеюі және дамушы нарықтардан капиталдың жылыстауы жағдайында теңге бағамы құбылмалылықты көрсетті деп атап өтті. Бұл ретте Ұлттық банктің қалыптасып отырған  ахуалға деген реакциясы бейтарап болды.

«Қазақстан Ұлттық Банкінің өктемдігі барынша аз болды. Біздің валюта нарығына қатысуымыз, мысалы алыпсатарлық операциялар және басқа да іргелі емес факторлардың ықпалына байланысты валюта бағамын күрт тұрақсыздандыратын өзгерістерді болдырмауға бағытталған», - деді Д.Ақышев.

Соңғы жаңалықтар