Ұлттық банк теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасын қалай жүргізеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Президент өз мәлімдемесінде, оның ішінде әлеуметтік сала бойынша жариялаған ел дамуының басым бағыттары – Үкіметтің, салалық министрліктердің басым рөлі бар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жүйелі және ұзақ мерзімді стратегиясының бір бөлігі болып саналады. Теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы қазіргі уақытта арта түскен геосаяси тәуекелдер мен қаржы нарықтарындағы құбылмалықтың өсуі аясында қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті шұғыл және кезек күттірмейтін дағдарысқа қарсы шара ретінде жарияланды», - деп жазды Ғалымжан Пірматов депутаттық сауалға берген жауабында.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері бойынша өтемақыны (сыйақыны) есептеуді көздейді және теңгедегі депозиттерінің тартымдылығын арттыру есебінен халықтың жинақ ақшасына бағамдық ауытқулардың әсерін азайтуға және банк секторын қорландыру базасын тұрақтандыруға бағытталған.

«Бұл шара долларланудың өсуін тежеу арқылы Қазақстанның қаржы нарығын тұрақтандыруға арналған. Геосаяси ахуал шиеленіскен қазіргі жағдайда бағдарламаны іске асыру банк секторының өтімділігін қолдауға, сондай-ақ теңгедегі депозиттердің тартымдылығын арттыруға бағытталған қажетті шара болып отыр. Бағдарламаның өлшемдері мен талаптары оны іске асыруға қажетті салымшылардың қамтылуы мен бюджет шығыстарының оңтайлы арақатынасын көздейді», - дейді Ғ. Пірматов.


Соңғы жаңалықтар