Ұлттық банк теңге бағымына әсер етін факторлар туралы айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова жақын арада ұлттық валютаға әсер етуі мүмкін факторлар және дельта-штамының ықпалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирустың дельта штамының таралуы негізгі тәуекел факторы болып отыр және экономикалық өсу қарқыны бойынша болжамдарды қайта бағалауға әкелуі мүмкін. Қазірдің өзінде біз коронавирустың «дельта толқыны» аясында қаржы нарықтарының түзетілуін байқап отырмыз. Бірінші кезекте, бұл дамушы нарықтарға қатысты. Биылғы 27 шілдеде ХВҚ әлемдік ІЖӨ болжамын қайта қарап, оны 2021 жылы

6% деңгейінде сақтап қалды. Бірақ осы қайта қарау аясында дамыған елдерде өсу 5,6%-ға дейін 0,5 п.т. артып, дамушы елдер бойынша болжам 6,3%-ға дейін 0,4 п.т. төмендеді. Бұрынғыдай, теңге көмірсутектер нарығының және дамушы елдердің активтеріне қатысты жалпы сентименттің ықпалында болады», - деді Ә. Молдабекова.

Оның айтуынша, мұнай нарығы биылғы сәуірден шілдеге дейінгі баға белгілеулердің 20%-ға жуық өсуінен кейін турбуленттілікті бастан кешуде. АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қорының 2020 жылғы қаңтардағы деңгейге дейін төмендеуіне қарамастан, дельта штамының таралуы мұнайдың бұдан былайғы өсуіне кедергі келтіруде.

«Басқа валюталарға қатысты теңге бойынша мөлшерлемелердің оң дифференциалы ішкі валюта нарығы үшін теңгерімдеуші фактор болып саналады. Ұлттық банктің жуырдағы базалық мөлшерлемені арттыру туралы шешімі халықаралық инвесторлар үшін теңгедегі активтердің тартымдылығын қолдайды, олардың ағыны жыл басынан бері 392 млрд теңгені құрады», - деді ол.

Оның пайымынша, биылғы 11 тамызда Moody's халықаралық рейтингтік агенттігінің Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «Ваа3» деңгейінен тұрақты болжаммен «Ваа2» деңгейіне дейін арттыруы ішкі валюта нарығы үшін маңызды оң оқиға болып отыр.


Соңғы жаңалықтар