Ұлттық банк теңге бағамы серпінінің болжамын арттыру міндетін алға қояды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық банк теңге бағамы серпінінің болжамын арттыру міндетін алға қояды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Үкімет пен Ұлттық Банк арасындағы 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жөнінде» баяндаған ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Ұлттық банк теңге бағамы серпінінің болжамын арттыру міндетін алға қойып отыр. Валюталық сауда-саттыққа араласпау саясатын сақтай отырып, Ұлттық банк икемді өктемділік жасау құқығын өзіне қалдырды. Шетел валютасын сатып алу немесе сату бойынша жоспарланған операциялар туралы ақпараттың жүйелілігі мен айқындылығы валюта нарығына тұрақтылық береді", - деді Ерболат Досаев.

Оның атап өтуінше, валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің маңызды құралы ретінде туынды қаржы құралдарының нарығын дамыту шаралары қабылданады.

"Институционалдық инвесторлар нарығын, жедел және жинақ депозиттерін дамытуға, банкаралық нарықта және бағалы қағаздар нарығындағы нарықтық индекстер мен көрсеткіштерді қалыптастыруға ерекше назар аударылмақ. Баға белгілеудің тиімділігін арттыру үшін банкаралық нарықта және бағалы қағаздар нарығында нарықтық индекстер мен индикаторларды қалыптастыру қамтамасыз етіледі", - деді ол.

Соңғы жаңалықтар