+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Ұлттық банк ШОБ-ты кредиттеудің жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті

2020 жылғы 3 сәуір 11:03
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк ШОБ-ты кредиттеудің жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеудің жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мəдиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эмин Әскеров: Әлеуметтік кәсіпкерлер қоғамдық мәселелерді шешіп қана қоймай, бюджетті де толықтырады Асқар Мамин кәсіпкерлік мәселесі бойынша Жобалық кеңсе отырысын өткізді «Қарапайым заттар экономикасы»: Батыс Қазақстанда 215 жоба мақұлданды

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаржылай реттеуші де бизнесті қолдау шараларын қабылдады. Атап айтқанда, Ұлттық банк төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеудің жаңа бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл мақсатқа 600 млрд теңге бөлінді. Кредит 1 жылға дейін кредиттеу мерзімімен 8 пайыздық ставка арқылы айналым қаражатын толықтыруға беріледі», - деді Жасұлан Мәдиев.

Оның атап өтуінше, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған шешімге сәйкес, банктер, микроқаржылық ұйымдар және өзге де қаржылық институттар кредиттер мен шағын кредиттер бойынша негізгі қарыз бойынша төлем кешіктірілгенде айыппұл мен өсімпұл және сыйақы есептемеуі тиіс.

«Сонымен төтенше жағдай енгізілуінің нәтижесінде қаржылық жағдайлары нашарлаған шағын және орта бизнес субъектілерін 90 күнтізбелік күнге дейін төлемдерін төлеуді тоқтата тұрады. Үкімет пен қаржылық реттеушінің ШОБ-ты қолдау бойынша қабылдаған бірлескен іс-қимылы кәсіпорындардың ағымдағыоперациялық қызметін қолдауға мүмкіндік жасап, экономиканың одан ары өсімін ынталандыратын болады», - деді вице-министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT