Ұлттық банк шағын қаржы ұйымдарының заң бұзушылықтарына талдау жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі 2017 жылғы 2-тоқсанда шағын қаржы ұйымдарының заң бұзушылықтарына мониторинг және талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізілген талдауларға сәйкес, 1 микро қаржылық ұйымға қатысты айыппұл салу және өндіріп алу түріндегі санкция қолданылды.  9 МҚҰ-ға қатысты 9 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылып, оның ішінде 8 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту жасалды. Көбінесе шағын қаржылық ұйымдар белгілі бір есепті кезең үшін қаржылық есептілікті уақытында ұсынбаған. Сондай-ақ, Қазақстанның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның мониторингіне жататын операциялар бойынша ақпаратты: тұтынушыларға бермеген», - деді Ұлттық банктен.

Қаржылық қызметті тұтынушылар құқығы бұзылған жағдайда Ұлттық банкке өтініш жасауға құқылы.

Соңғы жаңалықтар