Ұлттық банк өкілі Ресей рублінің не себепті нығайғанын түсіндірді
2022 жылғы 24 маусым 17:32

Ұлттық банк өкілі Ресей рублінің не себепті нығайғанын түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы уақытта валюта нарығында ресейлік рубльдің нығая түскені байқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Иван Сердюктің пікірінше, рубльдің шетел валюталарына, оның ішінде АҚШ долларына қатысты нығаюы импорттың төмендеуімен және капитал қозғалысын бақылау бағытында енгізілген шаралармен байланысты.

«Маусым айының басынан бастап рубль долларға қатысты шамамен 15%-ға нығайды. Рубль/теңге бағамын белгілеуге ең алдымен долларға қатысты теңге мен рубльдің жеке-дара әрекеті ықпал етеді. Рубль әлемдік нарықта долларға қатысты нығайып келеді, сондықтан рубль/теңге бағамының өсуі жалғасуда»,-дейді Ұлттық банк өкілі.


Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пунктерінде доллар 476-483 теңгеден сатылып жатыр
2022 жылғы 10 тамыз 10:34

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 476-483 теңгеден сатылып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 474-483 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар – 476-478 теңге.

Ал, Алматыда доллар бағамы – 478-483 теңге аралығында құбылып тұр.

10 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,80 теңгеге төмендеп, 478,46 теңге болған.

Ұлттық банктің 10 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 478,39 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,15 - 7,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Қор нарығында доллар 1,73 теңгеге қымбаттады
2022 жылғы 9 тамыз 15:55

Қор нарығында доллар 1,73 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,73 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 478,39 теңге.

Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 476,62 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477 теңге, сатып алу – 481 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 476 теңгеден болса, сатып алу – 478 теңге.

Ресей рублі 7,2 - 7,5 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Бизнесті бағалау индексі шілдеде 5,4-ке  төмендеді – Ұлттық банк
2022 жылғы 9 тамыз 12:11

Бизнесті бағалау индексі шілдеде 5,4-ке  төмендеді – Ұлттық банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызмет көрсетуден өзге секторларда индекс төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық банк мәліметтеріне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық банкі Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалиннің Биылғы жылдың шілде айындағы іскерлік белсенділік жөніндегі деректеріне қарағанда, бірқатар салада жаңа тапсырыстардың төмен деңгейі, сондай-ақ шикізат пен материалдарды жеткізу мерзімінің ұзақ болуы белсенділік көрсеткішіне теріс әсер етіп, оның индексі 48,0 (маусымда – 48,9) болды.

Қызмет көрсету секторында индекстің мәні 48,6 болып, іс жүзінде өзгерген жоқ, ал қалған секторларда индекстің төмендегені байқалды: өндірісте – 48,5, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 46,2, құрылыста – 47,0.

2022 жылғы шілдеде кәсіпорындардың қазіргі бизнес-жағдайларын бағалауы (-) 6,3-ке дейін (маусымда – 4,0) нашарлады. Жауаптардың теңгерімі жағымсыз өзгерістерді атап өткен респонденттердің ұлғаюы есебінен теріс болып шықты.

Кәсіпорындардың алдағы 6 айдағы болашақ бизнес-жағдайларын бағалауы да төмендеп, 18,0 (маусымда – 23,9) болды. Сөйтіп, қазіргі және болашақ бизнес-жағдайларды орташа бағалауды білдіретін бизнес ахуалы индексі 5,4-ке (маусымда – 13,6) төмендеді. Осылайша бизнес-циклдің «сағат» индикаторы шілдеде өсу аймағынан көтерілу аймағына өтті.

2022 жылғы шілдеде бизнес-жағдай факторларын бағалау арасында сұраныс жағынан ілгерілеушілік бар. Сұраныс бойынша жауаптар теңгерімі 4,3 (маусымда – 1,8) болды. Секторлар бөлігінде респонденттердің бағалауы бойынша оң жауаптар басым болған өндірісте, құрылыста және қызмет көрсетуде сұраныс қалпына келе бастады.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT