+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Ұлттық банк наурызда 1,4 млрд  долларға интервенция жасады

2020 жылғы 8 сәуір 17:37
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк наурызда 1,4 млрд  долларға интервенция жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы интервенциялар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банк интервенция жүргізді. Бұл елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен қиын сәтте қаржылық нарықтың дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етті. Мұнай бағасының күрт төмендеуі жағдайында сырты факторлардың ішкі валюта нарығына кері ықпалын азайту мақсатында 10 наурыздан бастап Ұлттық банк 1487,6 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жасады. Интервенция биржа нарығында әдеттегі сауда түрінде де, франкфурт аукционы түрінде де өтті», - деді Ә. Молдабекова.

Оның айтуынша, жүргізілген интервенцияларға қарамастан ай қорытындысына сәйкес халықаралық резервтер 80 млн долларға артып, $29,97 млрд болды. Конвертацияланатын валюта резерві $10,3 млрд-қа артқан.

Наурызда Ұлттық банк Ұлттық қорды қалыптастыру мақсатында алтын валюта активтерінен 300 млн АҚШ доллары көлемінде алтын сатты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT