+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Ұлттық банк қоймасында 2 трлн теңгені термит жеп қойғаны жайлы ақпарат - фейк

2021 жылғы 17 маусым 22:23
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк қоймасында 2 трлн теңгені термит жеп қойғаны жайлы ақпарат - фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Stopfake.kz ресурсы ел ішінде тараған тағы бір ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бас қоймасында 2 триллион теңге мөлшеріндегі ұлттық валюта купюраларының жаңа шығарылымы жоғалып кеткені» туралы хабарлама тарап жатыр. Бұл - фейк.

Бұл пост @qazinform24 сатиралық аккаунтында жарияланды.

Онда ойдан шығарылған жаңалықтар мен шынайы емес хабарламалар жарияланады.

Бұл туралы парақшаның профилінде жазылған: «Сатиралық контент. Фейк-ньюс».

Желі қолданушылары сатиралық парақшадағы жарияланымдарды бұған дейін де шынайы ақпарат ретінде ұсынған.

Ресурс бұған дейін де осыған ұқсас жағдайлар туралы жазған болатын.

Stopfake ақпарат көздеріне мұқият болуға шақырады. Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады.

Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT