Ұлттық банк «Kompetenz» сақтандыру компаниясының лицензиясын тоқтатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық банк «Kompetenz» сақтандыру компаниясының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен 1 тамыздан бастап 2019 жылғы 1 ақпанға дейін сақтандырудың міндетті нысанындағы сақтандыру, қайта сақтандыру және  «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңының 6-бабы 3-тармағының 9)-11) тармақшаларында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті ерікті сақтандыру қызметі бойынша «Kompetenz» СК» АҚ лицензиясы тоқтатылды» делінген хабарламада.

Аталған шешімді Ұлттық банк «Kompetenz» сақтандыру компаниясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтердің талаптарын сақтамағаны үшін қабылдады.

«Kompetenz» лицензиясын тоқтату мерзімі аяқталғанға дейін компанияның сақтандыру шарттарын жасауына тыйым салынады.

Бұрын жасалған сақтандыру шарттары бойынша компания өз мойнына алған міндеттемелерді орындауға тиіс.

Соңғы жаңалықтар