Ұлттық банк «Kompetenz» компаниясын лицензиясынан айырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі «Kompetenz» акционерлік қоғамын лицензиясынан айыру жөніндегі әрекетіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық Банк басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 10 қаулысымен компания 2019 жылғы 1 ақпаннан бастап лицензияның қолданылуын бірнеше рет (соңғы он екі ай ішінде екі рет) тоқтатқаны үшін «Сақтандыру қызметі туралы» заңда көзделген негіздер бойынша «жалпы сақтандыру» саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылды», - делінген таратылған ақпаратта.

Жалпы, Ұлттық банк компанияға қатысты 2014 жылдан бастап жүйелі түрде бірнеше рет мынадай шаралар қолданған: 2014 жылы шектеулі ықпал ету шаралары - 6 рет, әкімшілік жаза түріндегі санкциялар - 41 рет; 2015 жылы шектеулі ықпал ету шаралары - 10 рет, әкімшілік жаза түріндегі санкциялар - 1 рет; 2016 жылы шектеулі ықпал ету шаралары - 7 рет, әкімшілік жаза түріндегі санкциялар - 11 рет; 2017 жылы шектеулі ықпал ету шаралары - 9 рет, әкімшілік жаза түріндегі санкциялар - 69 рет, басшы қызметкерлерді шеттету - 1 рет; 2018 жылы шектеулі ықпал ету шаралары - 9 рет, әкімшілік жаза түріндегі санкциялар - 33 рет, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру - 2 рет, жеке сақтандыру сыныбы бойынша лицензиядан айыру - 1 рет.

Алайда аталмыш шаралардан ешқандай нәтиже болмаған. Сондықтан Ұлттық банк сақтандырудың жекелеген санаттары бойынша лицензияны екі рет тоқтата тұрды және жүктерді сақтандыру санаты бойынша лицензиядан айырды. Мұнан бөлек, тексеру аясында компанияның лауазымды адамдары жасасқан компания активтерінің 1/3 мөлшеріндегі қаражатты, оның ішінде шетелде қайта сақтандыру кезінде шығару белгілері бар мәмілелер анықталды. Тиісті материалдарды Ұлттық банк құқық қорғау органдарына берген.

Соңғы жаңалықтар