Ұлттық банк Қазақстандағы валюталық қордың ахуалынан хабардар етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев Ресейге қарсы салынған санкциялардың Қазақстандағы валюта нарығына қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәуір айының басында Ресейдегі қор нарықтарының құлдырау нәтижесінде, Ресей рублінің әлсіреуі аясында теңге бағамы құбылды. Бұл ретте жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, қазіргі уақытта валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Жалпы, Ресейдегі оқиғаларға реакцияны біз қысқа мерзімді әрі қалыпты деп бағалаймыз», - деді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері алдын ала деректер бойынша наурыз айының соңында 31,1 млрд АҚШ долларын құраған. Жыл басынан бергі өсім 1,1 пайызды көрсеткен.

«Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері наурыздың соңында 59,3 млрд АҚШ доллары болып бағаланды. Жалпы, халықаралық резервтер жыл басынан бастап 1,5 пайызға немесе 1,3 млрд долларға ұлғайып, 90,4 млрд долларға жеткен. Қазіргі кезде ақша агрегаттары, депозиттер және несиелер бойынша І тоқсанға ақпарат жоқ. Биылдың екі айында ақша массасы 3,9 пайызға қысқарды. Оның құрылымындағы депозиттер көлемі 16,9 триллион теңгеге дейін азайды. Шетел валютасындағы салымдар 8,6 пайызға қысқарды», - деді Данияр Ақышев.

Соңғы жаңалықтар