Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етеді - Данияр Ақышев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің айналымға енгеніне 25 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен 25 жылда қаржы саласында көптеген реформа жүзеге асырылды. Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты және қаржы институттарын реттеу мен қадағалау қызметі жетілдірілді», - деді Данияр Ақышев құттықтау сөзінде.

ҚР Ұлттық банктің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған видеода Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары Жанат Құрманов, Дина Ғалиева, Олег Смоляков пен Алпысбай Ахметов, Банктерді қадағалау департаментінің директоры Олжас Қизатов, Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбековтер теңгенің 25 жылдығы және қаржыгерлерді, банк қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтай отырып, лебіз білдірді.  

Еске сала кетсек, Қазақстанда ұлттық валюта Қазақстан Республикасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 15 қарашада айналымға енгізілді. 

Кейіннен, 1998 жылдан бастап, 15 қараша кәсіби мереке ретінде Ұлттық валюта - теңге күні және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесі болып белгіленді.

Биыл экономикалық тәуелсіздігіміздің нышанына, Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгенің айналымға енгеніне 25 жыл толады. 

Соңғы жаңалықтар