+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Ұлттық банк ипотекалық қолдау туралы: Халықтың әлеуметтік осал топтары қамтылады

2019 жылғы 25 желтоқсан 16:03
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк ипотекалық қолдау туралы: Халықтың әлеуметтік осал топтары қамтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банктің өкілі 2020 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енетін ипотекалық тұрғын үй заемдарын қайта қаржыландыру бағдарламасының өзгерістері туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰБ Қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьевтің сөзіне қарағанда, мемлекет бұл бағытқа қосымша қаржы қарастырмайды. Ал босаңсыту шараларын ұсыну туралы шешімді жан-жақты талдаудан кейін кредитор-банк қабылдайды.

«Бірінші кезекте бұл түзетулер халықтың әлеуметтік тұрғыда осал топтарын қолдауға бағытталған. Оларға мүгедек баланы тәрбилеп отырған отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасылар кіреді. Сонымен қатар, асыраушысынан айырылу немесе мүгедектікке шалдығу секілді өмірлік қиын жағдайлар да болып жатады. Сол топты қолдау керек», - деді А.Терентьев.

Мұнымен қоса, заемдар бойынша міндеттемені орындау есебінен жалғыз мүлкі банк балансына өтіп кеткен азаматтарды да қолдау шаралары ескерілген.

«Қаржыландыруға тоқталсақ, қосымша қаржы бөлу қарастырылмаған. Ипотекалық қарыз алушыларды қолдаудың осы шаралары бұған дейін ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыруға бөлінген қаражат аясында іске асырылады. Қаражат банктерде салымдарда орналастырылады. Және келісімшартпен белгіленген мерзім өткеннен кейін Ұлттық банкке қайтарылады», - деді ҰБ өкілі.

Айта кетейік, валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Қарыз алушылар валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан кешіктірмей кредитор банкке өтініш беруі қажет.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT