Ұлттық банк инвестициялық портфельді әртараптандыру шараларын жүргізуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін мамыр айының басында 4 млн АҚШ доллары сатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банкке сілтеме жасап хабарлайды.

Мамыр айының қорытындысы бойынша, бюджетке төленетін ірі салық төлемдерінің кезеңі және валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан едәуір асып түсті. Өтімділікті қолдау және салық аптасы кезеңінде шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасындағы қалыптасқан теңгерімсіздікті теңестіру мақсатында Ұлттық банк 110,5 млн АҚШ долларына шетел валютасының артық ұсынысын сатып алды.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін мамыр айының басында 4 млн АҚШ доллары сатылды. Бұдан әрі трансферттер Ұлттық қорға түсетін түсімдер есебінен қамтамасыз етілуіне байланысты Ұлттық қордың валюталық қаражатын конвертациялау талап етілмеді.

Инвестициялық портфельді әртараптандыру үшін зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында мамырда БЖЗҚ зейнетақы активтері үшін валюта нарығында 74,5 млн АҚШ доллары сатып алынды.

Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жинақталуын болдырмайтын және алтын-валюта резервтерінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастыруда.


Соңғы жаңалықтар