Ұлттық банк интернет-қарыздар бойынша жоғарылатылған пайыздық ставкаға алаңдаулы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі банктік емес несиелік ұйымдардың жұмыс ауқымын реттеуді күшейткелі отыр. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің төрағасының орынбасары Жанат Құрманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Интернет арқылы берілетін қарыздар бойынша, шынында да, тұтынушылық несиелеу тарапынан азаматтар мен шағын бизнес субъектілеріне қатысты белгілі бір тәуекелдерді көріп отырмыз. Бұл тәуекелдер халыққа қарыз жоғарылатылған пайыздық ставкамен беріліп отырғандығыг көрсетеді», - дейді Жанат Құрманов тілшілердің сұрақтарына берген жауабында.

Сонымен қатар, Ұлттық банк өкілінің айтуына қарағанда, бақыланбайтын аталмыш несиелік ұйымдар несиелік бюроға тиісті ақпараттарды бермейді.

«Сол себепті, аталмыш ақпарат ретттеуші ретінде бізге көрінбейді. Бұл ретте біз халықаралық тәжірибелерді талдай отырып, банктік емес несиелік ұйымдардың жұмыс ауқымын реттеуді күшейту бойынша ұсыныстарды дайындаймыз. Әлбетте, Қазақстан экономикасы мен клиенттеріне қаншалықты тәуекел төндіріп тұрғанына байланысты әртүрлі несиелік ұйымдар бойынша қолға алынар амал-әдістер бір-бірінен ерекшеленетін болады. Бұл ұсыныстар нарыққа қатысушылардың қатысуымен Үкіметте талқыланады», - дейді Жанат Құрманов.

Соңғы жаңалықтар