Ұлттық банк инфляцияны төмендету қадамдарын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев инфляцияны төмендету қадамдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банктің бағалауы бойынша жоғары сыртқы инфляциялық фонды ескере отырып, ұсыныс жағынан сақталып отырған ішкі теңгерімсіздіктер, сондай-ақ жалғасқан фискалдық ынталандыру шаралары аясында инфляция 2021 жылдың соңына таман 6-7% дәлізінде ескеріліп отыр. Биылғы қыркүйекте ұсынылатын кезекті болжамды раундтың қорытындысы бойынша инфляцияны бағалау нақтыланатын болады. Мемлекет басшысының шілдедегі тапсырмасына сәйкес, Үкіметпен бірлесіп инфляцияға қарсы ден қою шараларының топтамасын іске асыру жұмысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр», - деді Е. Досаев.

Оның айтуынша, жоғарыда көрсетілген шараларды табысты іске асыру Әлеуметтік-экономикалық дамудың 2022-2026 жылдарға арналған болжамына сәйкес, инфляцияны 2022 жылы 4-6%-ға дейін, 2023-2024 жылдары 4-5%-ға дейін, 2025-2026 жылдары 3-4%-ға дейін төмендетудің қажетті шарты болып саналады. Бұл таргеттер Ақша-кредит саясатының 2030 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес келеді.


Соңғы жаңалықтар