Ұлттық банк икемді курс белгілеу режимін ұстануды жалғастырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк икемді курс белгілеу режимін ұстануды жалғастырады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт бөлу үшін ай басында 4 млн доллар сатылды. Кейін трансферт Ұлттық қорға түсетін түсім есебінен қамтамасыз етілгендіктен Ұлттық қордың валюталық қаражатын конвертациялау қажет болмады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, зейнетақы активтерінің валюталық үлесін кемінде 30 пайыз деңгейінде ұстап тұру мақсатында мамырда инвестициялық портфельді әртараптандыру үшін валюта нарығында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін 74,5 млн доллар сатып алынды.

«Қысқамерзімді перспективада теңгенің құбылмалылығы геосаяси жағдайдың өзгеруіне, ішкі қатысушылардың күтулеріне және әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты болады. Ұлттық банк теңгерімсіздіктің жиналуын болдырмайтын және алтын-валюта резервінің сақталуын қамтамасыз ететін икемді бағам белгілеу режимін ұстануды жалғастырады», - деді Ғалымжан Пірматов.


Соңғы жаңалықтар