Ұлттық банк халықтың сенімін арттырғаны жөн – Қасым-Жомарт Тоқаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банкке бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық банк жағдайды түзетуге кірісті. Ерболат Асқарбекұлы (Досаев – ред.), жыл қорытындысы бойынша сізден нақты нәтижелер күтеміз. Есіңізде болсын, еліміздің қаржы жүйесі, ең алдымен банк секторы өте салмақты реформаға мұқтаж. Одан бөлек, Ұлттық банк курс саясатындағы ашықтық пен халықтың және бизнестің сенімін көтеру бойынша шара қабылдағаны жөн. Жеке амбицияларыңызды шетке ысырып, қаржы қауымдастығы өкілдері халықаралық ұйымдар мен сарапшыларды тарту арқылы мәселені шешуі керек», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк пен Үкіметке биылғы 1 қарашаға дейін Президент Әкімшілігіне сәйкес сараптама мен ұсынымдарды енгізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар