Ұлттық банк FIFA 2014 футболдан әлем чемпионатына арнап ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығармақ

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 17 наурызда номиналы 100 теңгелік, «рroоf» сапалы «Бразилиядағы FIFA 2014 футболдан әлем чемпионаты» ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Номиналы 100 теңгелік «Бразилиядағы FIFA 2014 футболдан әлем чемпионаты» («2014 FIFA World CupBrazil TM») ескерткіш күмісмонетасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, MDM MÜNZHANDELSGESELLSCHAFTmbH & Co. KG DEUTSCHE MÜNZE компаниясы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығаруға және сатуға арналған келісімге сәйкес дайындалды», - делінген хабарламада. Монета 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы - 24 грамм, диаметрі - 37 мм, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 6 мың дана. Номиналы 100 теңгелік ескерткіш күміс монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Соңғы жаңалықтар