+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ұлттық банк экономиканы қайта қалпына келтірудегі басты қауіп-қатерді атады

2021 жылғы 26 шілде 16:48
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк экономиканы қайта қалпына келтірудегі басты қауіп-қатерді атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің Ұлттық банкі экономиканы қайта қалпына келтіруде қандай тәуекелдер бар екенін атап көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Экономика қалпына келгенімен, бағаны тежеу – басты міндет Ұлттық банк төрағасы базалық мөлшерлемені 9,5 пайызға көтеру себебін түсіндірді Қазақстан экономикасындағы оң динамиканы сақтайтын 5 негізгі қадам қандай

«Іскерлік белсенділікті саралай келе түсінгеніміз, Қазақстанда ол Ұлттық банк күткен көрсеткішке сәйкес дамып, серпінді қарқынмен қалпына түсіп келе жатыр. Карантин шектеулеріне қарамастан, 2021 жылдың екінші тоқсанында көптеген салада оң үрдіс байқалды және биылғы қаңтар-маусым аралығындағы нәтиже бойынша экономиканың өсуі 2,2% болды. Жалпы алғанда, 2021 жылдың қорытындысына сәйкес 3,6-3,9% болжам аясында келе жатырмыз», - деді ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Оның айтуынша, экономикалық белсенділіктің өсуі ең алдымен сауданың едәуір ұлғаюына және тау-кен өнеркәсібі мен көлікті қысқартудың баяу қарқынына байланысты.

«Қызмет көрсету саласындағы белсенділіктің артуына кірістер мен жалақының ұлғаюы аясындағы тұтынушылық сұраныстың артуы, фискалдық ынталандыру, сондай-ақ еңбек нарығындағы жағдайдың жақсаруы қолдау көрсетеді. Екі таңбалы өсу қарқыны құрылыста да сақталып отыр. Қаңтар-маусымда ол 11,9% өсті. Бұған инфрақұрылымдық жобалар мен тұрғын үй құрылысы жобаларын іске асыру ықпал етті», - дейді ол.

Сонынмен қатар, Ұлттық банк басшысының орынбасары, ауқымды фискалдық және квазифискалдық ынталандыру экономиканы қалпына келтіруде маңызды екенін айтты.

«Инфляцияның өсімі секілді монетаның кері жағы да бар, оған жедел тұтынушылық импорттың 30%-ға өсуін қосыңыз. Бұл, әрине, төлем балансының ағымдағы шотына теріс әсер етеді. Өкінішке қарай, Қазақстанда өндірілген тауарлар тізбегі шектеулі және негізінен шикізатпен ұсынылған. Бұл 2015 жылдан бері байқалып келе жатқан төлем балансының ағымдағы шотының тұрақты тапшылығына байланысты. Осыған орай бізде фискалдық қолдаудың бір бөлігін импорт жояды және қажетті нәтиже бермейді. Экономиканы қалпына келтіру үшін түбінде бәрібір қауіп сақталатынын айту керек. Әлемнің көптеген елдерінде COVID-19-бен ауырғандар тағы да өсе түсті. Бұл жағдай Қазақстанда да бар. Шектеу шаралары қайта жандануда, бұл өз кезегінде қызметтер мен өнеркәсіптегі іскерлік белсенділікке теріс әсер етпей қоймайды», - деп өз бағамын жасады банк өкілі.

А. Баймағамбетов базалық мөлшерлемені арттыру экономиканың тұрақты өсуіне әсер ететінін және экономикалық белсенділіктің шамадан тыс арту тәуекелін азайтатыны туралы пайымын алға тартты.

Бұған дейін хабарламағанымыздай, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов ҚазАқпарат тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

Оның толық нұсқасын төмендегі видеодан тамашалауға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT