Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің «жұмыс істемейтін несиелерінен» залал күтіп отырған жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық банкі еліміздегі екінші деңгейлі банктердің «жұмыс істемейтін несиелерінен» залал күтіп отырған жоқ. Бүгін Парламент Сенатының депутаттарымен кездесу барысында ҚР ҰБ Төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов осылай мәлім етті.

«Біз бірталай талқылап жүрген проблемалардың үлкені - банктердегі жұмыс істемейтін активтер. Өкінішке орай, Қазақстан осы проблема бойынша әлемдегі «чемпиондар» қатарында тұр, бұл көрсеткіш 33 пайыздан асады. Дегенмен, айта кетейін, біздегі жұмыс істемейтін кредиттердің барлығы дерлік қорлармен жабылған. Яғни, банктерде құрылған резервтермен көмкеріліп отыр және біз қосымша залалдар күтпейміз», - деді Қ. Қожахметов.

ҰБ өкілінің айтуынша, бүгінгі күні Ұлттық банк пен Үкімет бірлесе отырып, екінші деңгейлі банктерді сауықтандыру жұмыстарын атқарып жатыр. Оның ішінде ҰБ еншілес ұйымы ретінде Проблемалы кредиттер қоры құрылған. «Бұл қор бюджеттен қаржыландырылады, оған қарастырылған трансферттер мөлшері 250 миллиард теңгені немесе 1,4 миллиард АҚШ долларын құрайды», - дейді Қ. Қожахметов.

Соңғы жаңалықтар