+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен цифрлық теңге жобасын талқылады

2021 жылғы 23 шілде 18:16
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен цифрлық теңге жобасын талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері қаржы нарығына қатысушылармен цифрлық теңге жобасын және цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаға екінші деңгейлі банктердің қатысу мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Биылғы 9 айда Қазақстанда ІЖӨ-нің өсуі 3,4 пайыз болды - ҰБ 2022 жылы тауарлар экспорты 60,1 миллиард доллар деңгейінде болжанып отыр - Ерғалиев Мәжіліс Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертке қатысты құжатты мақұлдады

Пікірталасқа 60 қатысушы, оның ішінде қаржы нарығының өкілдері мен төлем жүйелері саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты. Кездесу барысында халықаралық тәжірибені талдау, пилоттық жобаға қатысуға қойылатын талаптар мен нарыққа қатысушыларды цифрлық теңге платформасында жаңа қаржы өнімдерін әзірлеуге тарту жөнінде жоспарлар ұсынылды.

Технологиялар мен төлем жүйелерінің жаппай дамуын ескере отырып, цифрлық теңге қолда бар қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлемдерге қосымша жаңа төлем құралы болу әлеуетіне ие. Оның міндеті – төлем қызметтері нарығында бәсекелестікті күшейту, халық үшін инновациялық сервистерді әзірлеуді жеделдету, сондай-ақ өңірлерде қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Қазіргі уақытта цифрлық валютаны құру және енгізу жөніндегі жобаларды әлемдегі орталық банктер жүзеге асыруда.

Қазақстан Ұлттық Банкі жобаның нәтижелерін жұртшылықпен және қаржы нарығымен жария талқылауды жалғастыруды және кездесу қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды мақсат тұтып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT