Ұлттық банк доллардың ресми бағамын белгіледі

2023 жылғы 1 ақпан, 09:17
Ұлттық банк доллардың ресми бағамын белгіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459- 463 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459,5 – 462,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 459 – 463 теңге аралығында құбылып тұр.

31 қаңтар күні кешке KASE-де өткен сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа бағамы 0,65 тиынға қымбаттап, 460, 52 теңге болды.

Ұлттық банктің 1 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 460, 51 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,53 теңгені құрайды.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,38– 6, 48 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar