Ұлттық банк доллардың бүгінгі ресми бағамын жариялады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 31 қаңтардағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 459, 92 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,62 теңге.

30 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 57 теңгеге төмендеп, 459, 87 теңге болған.

Ресей валютасы 6,65 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458 – 461 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 459 – 463 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6, 25– 6,55 теңгеге сатып алуға болады.


Соңғы жаңалықтар