Ұлттық банк доллар мен рубльдің демалыс күндерге арналған бағамын белгіледі

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің мереке күндерге ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 460,93 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 6,43 теңге.

29 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,45 теңгеге төмендеп, 461,06 теңге болған. Ресей валютасы 6,52 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464 – 467 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар 464–469 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,25 - 6,37 теңгеге сатып алуға болады.


Соңғы жаңалықтар