Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

Автор:  
Алма Мұқанова

Ұлттық банк доллар мен рубльдің бүгінгі бағамын белгіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ұлттық банк доллар мен рубльдің 26 мамырға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 446,65 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 5,60 теңге.

25 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 84 теңгеге қымбаттап, 446,51 теңге болған.

Ресей валютасы 5,57 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5 – 447,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 443– 446 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,45 – 5,6 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада көрші ел валютасы 5,5 – 5,6 теңгеден саудаланып жатыр.





Серіктестер жаңалықтары