Ұлттық банк девальвация туралы: Валютаның құбылып тұрғанына үйрену керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков девальвацияға қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Девальвация туралы алыпқашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Бізде жыл сайын маусым-шілде айында осындай әңгімелер көп тарайды. Қыркүйекке қарай девальвация болады деп, xалықты қорқытады. Біз ылғи айтамыз, нақты мәліметтерге көңіл бөлу керек. Қазақстанда импорт пен экспорт операцияларының тепе-теңдігі бар. Резервтер азайып жатқан жоқ. Мұнайдың бағасы 70 доллардан жоғары. Иә, ресейлік рубльдің құбылуы жүйкені сәл жұқартып отырады. Аталған валюта бірде жоғары, бірде төмен түсуде. Бірақ бұл теңгеге әсер ететін жалғыз фактор емес. Сондықтан өсекке сенудің қажеті жоқ», - деді О.Смоляков журналистерге берген сұxбатында.

Оның айтуынша, дамыған мемлекеттерде ұлттық валюта бір күннің ішінде 1-2 процентке құбылуы әбден мүмкін. Бұл - заңды құбылыс.

«1-2 процент, ол шамамен, 6 теңге. Бізде бір күнде ондай өзгерістер болған жоқ. Сондықтан ондай өзгерістерге алаңдаудың қажеті жоқ. Жалпы, валютаның сәл-пәл құбылып тұрғанына үйрену керек. Онда тұрған ештеңе жоқ. Негізі, ақшаны 50/50 қағидатымен сақтаған дұрыс деп ойлаймын. Сонда ұтылмайсыз. Әрине, қосымша пайда да болмайды. Ақша сол күйінде сақталады. Бір жағы арзандаса, екінші жағы қымбаттайды деген сияқты», - деп атап көрсетті О.Смоляков.

Соңғы жаңалықтар