+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Ұлттық банк дарынды жастарды жұмысқа шақырып жатыр

2019 жылғы 1 қазан 22:05
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк дарынды жастарды жұмысқа шақырып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі өзінің кадрлық резервін қалыптастыру үшін іріктеу жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ҚР Ұлттық банкінің кадр резервін қалыптастыру үшін іріктеуді бастағанын хабарлайды. Жоғары оқу орындарының дарынды әрі болашағы зор түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз. Үміткерлерді таңдау кезінде: тиісінше білімнің болуы, біліктілігінің жоғары деңгейі, жұмыс тәжірибесі, халықаралық қаржы және тіл үйрену сертификаттарының болуы, сондай-ақ үміткердің әлеуеті негізгі өлшемшарттар болып саналады», - делінген банк таратқан ақпаратта.

Ең үздіктерді таңдау кезең-кезеңімен іріктеу арқылы қамтамасыз етіледі. Үміткерлерге түйіндеме, эссе жазу және іріктеудің бірнеше сатысынан өту ұсынылады. Түйіндеме мен эссені қарау нәтижесі бойынша іріктелген үміткерлер адам капиталын дамыту бөлімшесімен әңгімелесуге шақырылады. Ол психологиялық тестілеуден, Ұлттық банктің мүдделі бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуден тұрады. Іріктеу жеңімпаздары Ұлттық банктің кадр резервіне алынады және бір жыл ішінде Ұлттық банкке жұмысқа орналастырылуы мүмкін. Ұлттық банктің кадр резервіне алынған адамдардың бекітілген тізімі банктің ресми интернет-ресурсына орналастырылады.

Бос лауазым орындарына қатысты ақпарат және оларға қойылатын талаптармен банктің www.nationalbank.kz ресми сайтынан таныса аласыздар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT