Ұлттық банк дағдарыс кезеңіндегі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -ҚР Ұлттық банкі дағдарыс кезеңіндегі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Қаржы және бюджет комитетіндегі кездесу барысында ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Бисенғали Тәжіяқов осылай мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2009 жылдың соңына дейін және 2010 жылы Ұлттық банк еліміздегі айырбас бағамы мен қаржы секторының орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған шараларын жүзеге асыра беретін болады. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлттық банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, дағдарыс кезеңіндегі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді қолға алып отыр. Бұл тұжырымдамада мемлекеттік-жеке сектор әріптестігі институтын пайдалануды экономиканы дамытудың басты тетігі ретінде қарастыру көзделуде», деді Б. Тәжіяқов. Оның айтуынша, ағымдағы қыркүйек айының 9-ынан бастап ҰБ-тің ресми сайтында тұжырымдама жобасын талқылауға арналған форум жұмыс істей бастаған. «Біз ағымдағы қараша айының басында тұжырымдаманы толық әзірлеп, сол айдағы Ұлттық валюта күні қарсаңында құжатты бекітеміз деген ойдамыз», деді Б. Тәжіяқов.

Соңғы жаңалықтар