Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін қайда инвестициялады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ұлттық банкі БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша 2019 жылғы қазанға арналған инвестициялық қызметке қысқаша шолуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 10 564,4 млрд теңгені құрады. Ақша қаражаты және теңгеге айналдырылған қаржы құралдары 6 949,8 млрд теңгені немесе 65,8%-ды, шетел валютасына айналдырылған қаржы құралдары 3 614,6 млрд теңгені немесе 34,2%-ды құрады.

2019 жылғы қазанда теңгеге айналдырылған зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 192,03 млрд теңге болды. Оның ішінде: ҚР Қаржы министрлігінің жылдық 9,6% орташа алынған кірістілігі бар жалпы сомасы 12,88 млрд теңгеге мемлекеттік бағала қағаздары (МБҚ) сатып алынды; «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жылдық 11,5% кірістілігі бар 170,0 млрд теңге тұратын облигациялары сатып алынды; ҚР ЕДБ арқылы 600 млрд теңге сомаға басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде 7,50 млрд. теңге сомасына «Альфа-Банк» ЕБ» АҚ-тың және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-тың жылдық 10,75% кірістілігі бар 1,65 млрд теңгеге айналдырылған облигациялары сатып алынды.

2019 жылдың қазан айында шетел валютасымен көрсетілген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 267,6 млрд теңгені құрады. Есепті кезеңде жылдық 1,65% орташа алынған кірістілікпен 238,5 млрд. теңге көлемде АҚШ-тың қысқамерзімді МБҚ сатып алынды. Қарастырылып отырған кезеңде мынадай елдердің МБҚ-мен сатып алу-сату мәмілелері жасалды: Ресей Федерациясы, Филиппин, Перу, Индонезия, Мексика, Бразилия. Нетто-сату көлемі қарастырылып отырған кезеңде 131 млрд теңгені құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде «А» және одан жоғары кредиттік рейтингпен ірі халықаралық инвестициялық банктер қатарында 6 айдан 9 айға дейінге мерзімге 327 млн АҚШ доллары көлемінде USD/JPY валюталық мәмілелер жасалды.

Бұл мәмілелер нарықтық жағдайларда зейнетақы активтерінің кірістілігін арттыру мақсатында жасалды. Осы мәмілелер шеңберінде БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері портфеліне 35,3 млрд жапон йені алынды.

Соңғы жаңалықтар