Ұлттық банк биылғы инфляциялық көрсеткішке қатысты түсінік берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда азық-түлік қай деңгейде өскенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жылдық инфляция биылғы жылғы шілдеде 7,1 пайызды құрап, Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес қалыптасады. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі 11,3% болды және инфляцияға негізгі үлесті қосуын жалғастыруда», - деді Е. Досаев Үкімет отырысында биылғы қаңтар-шілдедегі республикалық бюджетті орындау қорытындыларын талқылау кезінде
Оның өзіне қарағанда, нан-тоқаш өнімдері мен жармаларда (13,8%), жеміс-көкөніс өнімдерінде (13,4%) өсудің барынша жоғары қарқыны сақталуда. Бұл ретте ет және ет өнімдері бағасының өсу қарқыны біршама баяулады (12,9%).
ҰБ мәліметінше, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі жанар-жағар май (ЖЖМ) бағасының төмендеуі (бензин – шілдеде 0,2%-ке) аясында 5,4% деңгейінде сақталды. Төтенше жағдай кезінде коммуналдық қызмет тарифтерін уақытша төмендету әсерінің біртіндеп жойылуы аясында ақылы көрсетілетін қызмет бағасының жылдық өсуі
3 %-тен шілдеде 3,2%-ке дейін артты. Реттелетін коммуналдық қызметтердің тарифтері осы жылғы шілдеде 0,9%-ке өсті.
Келесі айларда жылдық инфляцияның 2020 жылдың соңына дейін 8-8,5% болжамды траекториясы аясында бұдан әрі жылдамдай түсуі мүмкін.
- Ұлттық қордың инвестициялық кірісі оң болды – Үкіметтің кеңейтілген отырысы
- Ерболат Досаев теңге бағамына қатысты түсінік берді
- 2020 жылы жылдық инфляция 7,5 пайызды құрады
- Ұлттық банк басшысы биылғы инфляция деңгейі туралы айтты
-
2021 жылдың екінші тоқсанынан Қазақстан экономикасы оң траекторияға шығады
-
2021 жылы әлемдік экономика 5,2 пайызға дейін қалпына келеді – Ерболат Досаев
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам