+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ұлттық банк биыл инфляция деңгейін 8-8,5% шегінде ұстап тұрмақ

2020 жылғы 14 шілде 09:40
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк биыл инфляция деңгейін 8-8,5% шегінде ұстап тұрмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев 2020 жылы инфляцияны 8-8,5% дәліз шегінде ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясаты жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Республикалық бюджеттің шығыстары 99,1% атқарылды – Қаржы министрлігі Ұлттық банк биылғы инфляциялық көрсеткішке қатысты түсінік берді Әлемдік экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төмен құлдырауға тап болды

«Ол үшін Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының монетарлық емес инфляцияны төмендету тапсырмасын орындау мақсаты көзделеді. Ол үшін нарықтарды тауарлармен толтыру, жеткізу тізбегін оңтайландыру және алыпсатарлыққа жол бермеу жолымен Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан импортқа тәуелділікті азайту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл ақша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.

Ерболат Досаев сондай-ақ Ұлттық банк бұдан бұрын қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар мен жаңа бастамалардың негізінде экономиканы қалпына келтіруге қатысатынын жеткізді.

«Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Үкіметпен бірлесіп осы жылдың шілдесінің соңына дейін әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда салаларды қолдаудың қосымша шаралар топтамасын дайындайды», - дейді ол.

Еске сала кетсек Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Ұлттық банкке жағдай ушығатын болса, халық пен салаларды қолдаудың қосымша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT