Ұлттық банк бір минутта 5 млрд теңге болатын төлемдерді өңдейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық банктің төлем жүйелерінде орташа есеппен минутына шамамен 5 миллиард теңгенің төлемдері өңделеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰБ сілтеме жасап.

Банктің хабарлауынша, 2022 жылы төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютадағы қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 897,5 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҰБ банкаралық ақша аударымдар және клиринг төлем жүйелері арқылы 787,2 трлн теңге немесе осы көлемнің 87,7%-ы өткізілді.

Операциялық күн ішінде банкаралық және клиринг ұлттық төлем жүйелеріне түсетін орташа жүктеме күніне 3,2 трлн теңге сомасына 266,4 мың төлемді құрайды. Орташа есеппен минутына ҚҰБ төлем жүйелері арқылы 4,9 млрд теңгеге операциялар жүргізіледі. Операциялардың ең көп саны осы жүйелерде сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өңделеді.


Соңғы жаңалықтар