Ұлттық банк Binance компаниясымен цифрлық теңгені тестілеп жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның Ұлттық банкі әлемдегі блокчейн-экожүйесі саласында жетекші орынға ие Binance компаниясымен цифрлық теңгені тестілеуден өткізіп жатыр. Айта кетерлігі, Binance компаниясы цифрлық активтердің ең ірі биржасын қамтып, бүкіл әлемде криптосауаттылықты дамытуға күш салып отыр. Осы орайда аталған компанияның ТМД бойынша GR-директоры Ольга Гончарова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанмен ынтымақтастық барысы жайлы тарқата айтып берді.

- Қазіргі уақытта Ұлттық банкпен қандай бірлескен жобаларды жүзеге асырып жатырсыздар?

- Біз үшін Қазақстанның Ұлттық банкімен бірлескен жобалар әлемнің реттеуші ұйымдарымен жұмысымыздағы маңызды бөлігі саналады. Өйткені, меніңше, Ұлттық банк барынша теңгерімді ұстанымды ұстанып отыр. Бүкіл әлемде реттеушілер тарапынан бірыңғай шоғыр байқалмайды. Құрама Штаттардың, Еуропаның өз көзқарасы болса, Азияда фрагменттік реттеу бар. Қазақстан Ұлттық банкі өте ақылға қонымды ұстанымымен көңілімізден шығып отыр. Мен оны smart regulation деп атар едім. Бір жағынан ол пайдаланушылардың қаржылық тұрақтылығы мен қорғалуын басты мәселе ретінде көтерсе, екінші жағынан елде инновациялық әлеуетті дамыту экономиканы қозғау үшін қажетті құрам екендігін түсінеді. Жаһандық деңгейде ҚР Ұлттық банкі өзінің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен барынша байсалды көрінеді. Сондықтан да Ұлттық банктің бастамаларына қалай болғанда да қатысуға тырысып жүрміз.

Қазір көптеген орталық банктер өздерінің цифрлық валюталарын енгізіп жатыр. Таяуда жүргізілген сауалнамаға қарағанда, банктердің 80 пайызға жуығы цифрлық валютаны енгізу және дамытумен айналысып жатыр. Олардың кейбірі енгізіп те үлгерген. Қазақстан Ұлттық банкі 2021 жылы алғаш рет ілкі жобаны іске қосты. Өйткені, қазіргі уақытта Ұлттық банк жеткілікті деңгейге ілгерілеген, меншікті блокчейн жүйесінде дамытылған цифрлық теңгесі бар. Бүгінде біз криптоқоғамдастық ретінде қосылып отырмыз. Сонымен қатар Ұлттық банкпен жүзеге асырып жатқан жобаларымыздың бірі екі блокчейннің үйлесімділігін сынақтан өткізуге негізделген. Цифрлық теңге іске қосылған блокчейн мен BNB-чейн (цифрлық активтердің орталықсыздандырылған биржасы). Қазақстанның Ұлттық банкі орталықсыздандырылған қаржының болашағына сенім артады. Делдалдар жоқ орталықсыздандырылған қаржы экожүйесі транзакцияларды барынша тиімді, жылдам әрі іркіліссіз орындауға мүмкіндік береді. Ұлттық банк қазіргі уақытта пайдаланушылар орталықсыздандырған қаржыға көз тігіп отырғанын түседі. Сондықтан бізден бірігіп, цифрлық теңгені BNB-чейнде сынақтан өткізгісі және цифрлық теңге қаншалықты оған кірігетіндігін әрі пайдаланшылар үшін барынша тиімді қаржылық инклюивтілікті қамтамасыз ететінін байқап көргісі келеді. Бұл – бірінші жоба. 2023 жылы екі блокчейннің үйлесімділігін сынап көріп, цифрлық теңге қаншалықты орталықсыздандырылған қаржы экожүйесіне инкорпорацияланатынын көреміз деп үміттенемін.

Екінші жоба – Қазақстанның Ұлттық банкімен орталықсыздандырылған қаржы бойынша екіжақты зерттеу. Бұл барынша жаңа сала екендігін, енді ғана пайда болғанын, дегенмен пайдаланушылар тарапынан қызығушылық барлығын көріп отырмыз. Біз реттеуші алдында тұрған негізгі проблемалар мен сын-тегеуріндерді анықтадық. Сонымен қатар бұл индустрияны қалай дұрыс реттеуге болатынына қатысты орталық қорытындыға келдік. Мұнан ары да Ұлттық банкпен ынтымақтаса жұмыс істейміз деген үмітіміз бар. Себебі, Қазақстанның мемлекеттік органдарының алдында елді криптохабқа айналдыру міндеті тұр. Осындай өршіл міндет бар, оны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бірнеше мәрте атап өтті. Ал біз өз тарапымыздан жан-жақты жәрдем көрсетуге дайнбыз жне ынтымақтастыққа ашықпыз.

Фото:akorda.kz

- Цифрлық теңге жайлы сөз болғаннан кейін оны енгізу азаматтарымызға қандай пайда берерін де айтып берсеңіз...

- Естеріңізге сала кетейін, Қазақстан Ұлттық банкі 2022 жылдың желтоқсан айының соңында цифрлық теңге бойынша white paper іске қосты. Онда екі жылға жуық уақыттағы жұмыс пен тестілеудің жалпы қорытындысы ұсынылған. Білуімше, міндет - азаматтар үшін операцияларды барынша қолжетімді ету. Алайда, Қазақстандағы банк қызметтерінің нарыққа дендеп енуі – ең алдыңғы қатардағылардың бірі. Қазақстан өте батыл. Бұл жерде банк жүйесінің нақты, жылдам әрі жұмыс істеуі, цифрлық профиль – әлемдегі бірегей шешімдердің бірі. Қаржылық қолжетімділік деңгейі де барынша жоғары. Дегенмен, цифрлық теңге оны мұнан ары да дамыта түсуге септігін тигізеді. Өйткені, азаматтар үшін операциялар оффлайн режімде де қолжетімді бола түседі. Бұл – біріншісі. Екіншіден, цифрлық теңгені мемлекеттік мақсаттарға, зейнеткерлер, студенттер сынды нақты әлеуметтік топтарға қолдануға болады. Мұнан бөлек, цифрлық теңге Қазақстанда жасалғаннан кейін ол пайдаланушылардың дербес деректерін қорғауға мүмкіндік береді. Орталық банктердің цифрлық валютаға қатысты проблемаларының бірі – азаматтардың құпиялылық құқықтарының бұзылуы. Қазақстанда жасалған шешімдер тәуекелдерді төмендетеді және операцияны азаматтар үшін барынша қорғалған түрде жүзеге асырады.

- Биржаға ойыссақ... Қазақстанның қанша азаматы тіркелгені, олар негізінен қандай криптовалюталарды сатып алатындығы жайлы ақпарат бар ма?

- Біз әрбір өңір бойынша жергілікті деректерге жария етпеуге тырысамыз. Binance-та барлығы 127 млн пайдаланушы бар. монеталар бойынша таяуда бізде зерттеу жүргізілді. Нақты цифрларды жария ете аламыз. Қазақстанда негізінен Tether USDT-ке басымдық беріледі. Қазақстан пайдаланушыларының 19,3 пайызы қаражаттарын Tether-де ұстаййды. Екінші орында – Bitcoin (16,2%), үшінші орында BUSD (12,8%) тұр. Бірақ, статистикадан үш моненатының екеуі стейблкоин екенін көріп отырсыз. Бұл: USDT пен BUSD. Бұл түсінікті тарих. Себебі стейблкоин фиаттық жабындымен қамтамасыз етілген. Олардың табиғаты барынша түсінікті, ал пайдалану – сенімді. Биткоин – бұл цифрлық алтын.

Фото: Pxhere

- Теңгемен қандай операция жүзеге асырылғаны туралы мәліметтер бар ма?

- Біз елдік географиялық ауқымдағы мұндай операцияларды жария етпеу жөн деп санаймыз.

- Жақсы, рақмет. Сіз Биткоин – бұл цифрлық алтын екенін атап өттіңіз. Ал нарықта тағы басқа қандай криптовалюта тұрақтылық көрсетіп отыр?

- 2022 жыл бойы криптовалюта нарығы қалт-құлт етіп тұрғанымен, барынша үлкен күйзелісте болғанымен барынша көп тұрақты монеталар болды. Terra (LUNA), Celsius, Voyager Token монеталарының қалай күйрегенін, таяудағы TIX-тегі оқиғаларды білесіз. Бірақ, қалай дегенде де тұрақты монеталардың саны басым. Тіпті оларды тізіп айтып шықпаймын да. Өйткені, пайызы өте жоғары. Дегенмен, сала күрделі кезеңді бастан кешіріп жатқанымен криптоиндустрия таң қаларлық тұрақтылық көрсетіп отыр. Бұған қоса, кез келген нарық циклді екенін түсінуге тиіспіз. Қазіргі уақытта кемімелі циклді бастан кешірудеміз және 2023 жылы қалпына келіп, өсім экспоненциалды болады деп күтеміз.

- Қазіргі уақытта криптовалюта нарығында қандай тенденция байқалады және нарық қаншалықты жақын арада өсім көрсетуі ықтимал?

- 2022 жылдың басында бәрі криптоқыс жайлы айтты. Нарықтың айтарлықтай тұрып қалғанын да көрдіңіздер. Мұны стейблоиндердің капиталдандырудан немесе жүйенің дефайкасынан байқауға болады. Егер жыл басында жобалардың total value locked дефайкасы шамамен 160 млрд доллар болса, қазір ол 40 млрд долларды құрайды. Демек, жыл басында қаржының не бәрі 25 пайызы ғана қалып отыр. Мұндай бренд бүкіл криптонарықта байқалады. Қазіргі уақытта барынша төмен деңгейде тұрмыз. Сол себепті нарықтың циклділігін түсіне отырып, 2023 жылы қалпына келіп, одан ары өсім болады деп күтеміз.

Фото:shutterstock.com

- Қазақстан азаматтары операциялар саны бойынша қандай орында тұр? Цифрлар не дейді?

- Бұған дейін де атап өткенімдей, біз нақты деректерді жария етпейміз. Дегенмен, ашық дереккөздер сіздің сауалыңызға жауап бере алады. Таяуда чейн-сараптама индексінде криптовалюта нарығының көлемі бойынша үшінші орында тұрған Орталық және Оңтүстік Азия өңірі бойынша мәліметтер жария етілді. Есеп деректеріне сәйкес, 2021 жылдың шілдесінен 2022 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта бұл өңірдегі криптовалюта айналымы 932 млрд долларды құрады. Қазақстан криптовалютаны қабылдау индексінде 10-орында тұр. Бұл республикада криптовалюта нарығына ену өте жоғары екендігін білдіреді.

- Ал Қазақстан азаматтарының жалпы қаржылық сауаттылығы жайлы не ойла й сыз?

- Цифрлық сауаттылық – бұл индустрияны қозғайтын маңызды күштердің бірі. Меніңше, Қазақстан қаржылық және цифрлық сауаттылыққа жәрдемесу әрі дамыту үшін өте көп дүние жасап жатыр. Мәселен, таяуда Қазақстан мен Binance Academy арасында студенттерді оқыту бағдарламасын іске қосу туралы келісімге қол қойылды. Бұл бағдарламаға елдегі 22 жоғары оқу орны қосылып отыр. Binance Academy бірінші кезеңде оқытушыларды, одан кейін студенттерді оқытып, диджитал-, крипто- өнімдермен байланысты сертификаттар береді. Мемлекет пен Ұлттық банктің мұндай дамуға, халықтың цифрлық сауаттылыққа оқытуға және деңгейлерін көтеруге жәрдемдесуі қуантарлық жайт. Цифрлық сауаттылық – бұл азаматтардың қорғаныс элементі. Сондықтан адамдарды онымен бірінші кезекте қамтамасыз еткен жөн. Азаматтардың инвестиция салуына шектеу қою мүмкін емес. Сол себепті оларды оқыту, түсіндіру дұрыс болады. Өкінішке қарай, көпшілік тегін ірімшіктің қақпанда ғана болатынын түсінбейді және тәуекелі жоғары жобаларға ұрынып жатады. Бірақ, Қазақстан бұл тұрғыда зор құрметке лайық.

- Сұхбатыңызға рақмет!


Соңғы жаңалықтар