Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерген жоқ

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, яғни өзгерткен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық банктің хабарлауынша, тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,75%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,75% болады.

Жалпы инфляция баяулауының байқалған белгілерін, сондай-ақ коронавирустың жаңа штаммы – омикронға қатысты белгісіздіктің артуын және оның инфляциялық процестерге, сыртқы және ішкі сұранысқа әсерін ескере отырып шешім қабылданды.

Сұраныстың ұсыныс мүмкіндіктерінен асып өсуі нәтижесінде бағаның өсуін тежеу бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, көптеген елдерде инфляцияны жеделдету үрдісі сақталып отыр. Қытайдан басқа, негізгі сауда әріптестеріне жататын елдерде инфляция тарихи ең жоғары мөлшерде қалыптасады. Қазақстанда бағаның өсуі де жоғары деңгейде болып тұр. Азық-түлік инфляциясы мен ақылы қызметтер инфляциясының біршама баяулауы азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуімен өтелді. Халықтың жоғары инфляциялық күтулері қолда бар инфляциялық аяны күшейтеді. Шикізат нарықтарындағы салыстырмалы түрде жоғары бағалар мен карантин шектеулерін жеңілдету аясында ішкі экономика белсенді түрде қалпына келуде.

Еске салсақ, қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75% дейін көтерген болатын.



Соңғы жаңалықтар