+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

2019 жылғы 9 қыркүйек 18:29
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9,25 пайызға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық банк мәліметінше, нақты инфляция күтілген деңгейден жоғары болып қалыптасып отыр және тамыз айының қорытындысында 5,5 пайызға жетті. Тұтынушылық сұраныстың кеңеюінен туындаған проинфляциялық қысым алдыңғы болжаммен салыстырғанда ұлғайды. Бұл инфляцияны 2019 жылдың соңына қарай 5,7-5,8 пайыздық деңгейіндегі нысаналы дәліздің жоғарғы шегіне итермелейді.

«Орташа мерзімді болжамды болашақта 2020 жылы инфляция аздап баяулай отырып, нысаналы 4-6 пайыз дәліздің ішінде болады деп күтіледі. 2019 жылғы 7 айда экономиканың өсуі Ұлттық банктің болжамынан жоғары 4,2 пайыз деңгейінде қалыптасты. Бұл экономикада проинфляциялық қысымды туындатады», - делінген таратылған мәліметте.

Осыған орай Ұлттық банк инфляция бойынша мәлімделген бағдарға жету мақсатында базалық мөлшерлеме жөніндегі бұдан кейінгі шешімдерді нысаналы дәлізге қатысты қалыптасып отырған және болжанып отырған инфляция серпінінің сәйкес келуін, ішкі сұраныс тарапынан тәуекелдердің іске асырылуын, импорт өсімі мен әлемдік экономикадағы жағдайды есепке ала отырып қабылдамақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Ұлттық банкі,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT