+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде қалдырды

2019 жылғы 3 маусым 18:57
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде қалдырды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады», - деді ҰБ басшысы Ерболат Досаев.

Ол дамып жатқан сыртқы және ішкі тәуекелдерді ескере отырып, базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы шешіммен салыстырғанда тәуекелдер теңгерімі мөлшерлеме дамуының неғұрлым жоғары бағытына қарай ауысатынын атап өтті.

«Біз сыртқы сектордағы және ішкі экономикадағы жағдайды мұқият бақылап, мен осыдан бұрын тоқталып өткен негізгі факторлардың ықтимал серпінінің сценарийлік нұсқаларының Қазақстанға әсеріне баға береміз. Талаптар жағымсыз бағытта өзгерген жағдайда, бізде Ұлттық банктің алдына қойған мақсаттарға қол жеткізуі үшін қажетті барлық құралдар бар», - деп хабарлады журналистерге Е. Досаев.

ҰБ басшысы ішкі және сыртқы сипаттағы бірқатар факторлар базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешімге себеп болғандығын атап өтті.

«Біздің бағалауымыз бойынша, ішкі және сыртқы секторда дамып отырған негізгі үрдістер 4-6% белгіленген нысаналы дәлізге сәйкес 2019 және 2020 жылдар соңына қарай инфляция бағытын қалыптастырады», - деп түсіндірді Е. Досаев.

Ол қысқа мерзімді кезеңде, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін, мұнайға ұсыныспен салыстырғанда оған деген барынша жоғары сұраныстың сақталуы күтілетіндігін, бұл әлемдік бағаларға қолдауды қамтамасыз ететіндігін қоса айтты.

«Болжау жасау аясында және ақша-кредит саясаты бойынша шешім қабылдаған кезде базалық сценарий ретінде бізде бір баррель үшін 60 АҚШ доллары деңгейі пайдаланылады. Республикалық бюджет теңдестірілген, себебі мұнайдың бір баррелі үшін 55 АҚШ долларына тең орташа жылдық баға бойынша есептелді», - деді Е. Досаев.

ҚР Ұлттық банкінің бағалауына қарағанда, 2019-2020 жылдар қорытындысы бойынша биыл негізгі отандық мұнай кен орындарында өндірудің жоспарлы уақытша төмендеуі және тиісінше мұнай мен газ экспорты көлемінің азаюы салдарынан, 2018 жылмен салыстырғанда нақты ІЖӨ-нің өсу қарқынының шамалы баяулауы ықтимал. Бұл ретте «Сарыарқа» газ құбыры, ҮАААЖ құрылысы, сондай-ақ ТШО-ны кеңейту сияқты ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудың басталуы қолдау көрсетеді.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 15 шілдеде жарияланатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT