+7 (701) 759 90 19
USD 420.29 EUR 506.87
RUB 5.66 CNY 64.73
Jańalyqtar

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті

2018 жылғы 15 қаңтар 17:55
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі +/-1% ауытқу дәлізімен базалық мөлшерлемені 9,75%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас банкир Данияр Ақышев банктерге өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелердің 10,75%-ды, ал өтімділік алу операциялары бойынша 8,75%-ды құрайтынын атап өтті.

«Бір жыл бұрын 2017 жылғы қаңтарда базалық мөлшерлеме 12% болғанын еске сала кетейін. Базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім 2017 жылғы оң нәтижелерге байланысты болып отыр. Сондай-ақ, 2018 жылы экономикалық ахуалдың оңтайлы дамуы күтіліп отыр. Бұл шешім Ұлттық банктің инфляцияны 2018 жылы 5-7% жаңа нысаналы дәліз шегінде, 2020 жылға қарай 4%-ға жеткізуге мүмкіндік береді. Біз ақша нарығындағы дағдарысқа қарсы басқару кезеңінен инфляция бойынша түпкілікті мақсатқа жетудегі ақша-кредит саясаты трансмиссиялық механизмінің пәрменділігін қалпына келтіру мен күшейтуге өтеміз», - деді Д. Ақышев.

Ұлттық банк басшысы 2018 жылы базалық мөлшерлеменің одан әрі төмендеуі ықтимал екендігін айтты.

«Егер сауда талаптары және сауда бойынша әріптес елдердегі жағдай оң болса, 2017 жылы Қазақстан экономикасында ахуалдың жақсаруына ықпал еткен үрдіс ағымдағы жылы да жалғасса және тұтастай алғанда инфляцияның болжамдық және нақты серпіні бір-біріне сәйкес келсе, ақша-кредит саясаты жұмсарады», - деді ол.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2018 жылғы 5 наурызда Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT