+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтап қалады

2020 жылғы 16 наурыз 09:38
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтап қалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені және пайыздық дәлізді жылдық 12% + /- 1,5 п.т. деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы секторда қалыптасқан белгісіздік және COVID-19 коронавирусының, сауда соғыстарының таралуына, геосаяси шиеленістің өсуіне байланысты іске асырылған тәуекелдер жағдайында халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша әлемдік экономиканың айтарлықтай және ұзақ уақытқа баяулауы күтіледі. 2020 жылы әлемдік ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы әлемдік дағдарыс уақытынан бастап нашар көрсеткішке алып келуі мүмкін.

«Алдыңғы аптаның басынан бастап әлемдік тауар және қаржы нарықтарында айтарлықтай құбылмалылық байқалуда. Мұнай бағасының серпіні ОПЕК+ келісіміне қатысушылар арасындағы уағдаластықтың болмауына және Ресей мен Сауд Арабиясы арасында өріс алған баға соғысына байланысты оқиғалардың ықпалында болды. 2020 жылғы 9 наурыздан бастап Brent сұрыпты мұнайдың бағасы бір баррель үшін 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде бекітілді. 2020 жылғы 16 наурызда таңертең мұнайдың белгіленген бағасы бір баррель үшін 32,88 АҚШ долларын құрады» делінген хабарламада.

Инвесторлар арасындағы теріс күтулер нәтижесінде әлемдік қор нарығындағы индекстер соңғы 30 жылда ең үлкен төмен көрсеткішті көрсетті.

Өткен аптада АҚШ Федералды резервтік жүйесі қысқа мерзімді өтімділікті 1,5 трлн АҚШ долларға беруді және кеше кезектен тыс тәртіппен негізгі пайыздық мөлшерлемені 0-0,25% дейін төмендетіп, экономиканы қолдау және мүмкін құлдырау салдарын азайту үшін жалпы сомасы 700 млрд АҚШ доллары сандық жұмсарту бағдарламаны жариялады. Дамушы елдер мен мұнайды экспорттаушы елдер валюталарының әлсіреуі байқалды.

Осы жағдайларда Ұлттық банк баға тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында 2020 жылғы 10 – 13 наурыз аралығында бірқатар шұғыл және алдын алу шараларын қабылдады.

2020 жылғы 10 наурызда базалық мөлшерлеменің 12%-ға дейін артуы нарықтарда үрейдің таралуына алдын ала әсер етті және нарық агенттерінің стратегиясына дер кезінде түзетулер енгізді, бұл пайда болған инфляциялық тәуекелдерді шектеуге және теңгедегі активтердің құнын қорғауға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, пайыздық дәлізді 1,5 п.т. дейін кеңейту банктердің Ұлттық Банктен теңгемен қарыз алу құнын 13,5%-ға дейін ұлғайта отырып, нарыққа қатысушылар тарапынан айырбастау бағамына алыпсатарлық қысым көрсету мүмкіндігін шектеуге бағытталды. Ақша нарығындағы мөлшерлемелер пайыздық мөлшерлемелердің жаңартылған дәлізінің жоғарғы шегіне жақындап, 13,48%-ға жетті. Ұлттық Банк банктерге көлемі шектеусіз өтімділік беру бойынша операцияларды күн сайын жүргізеді.

«Сауданың сыртқы талаптарының күрт өзгеруі және шетел валютасы ұсынысының тапшылығы талаптарында валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық Банк жекелеген кезеңдерде жалғыз сатушы бола отырып, валюталық өктемдіктер жүргізді. Атап айтқанда, 2020 жылғы 10 наурызда бағамның негізсіз құбылмалылығын болдырмау үшін валюталық сауда-саттықта франкфурттық аукцион әдісі іске қосылды. Ұлттық Банк квазимемлекеттік сектордың, екінші деңгейдегі банктердің және айырбастау пункттерінің валюталық операцияларын үйлестірді және мониторинг жүргізді. Бұл өзгерген сыртқы жағдайлардың теңгенің айырбастау бағамына теріс әсерін төмендетуге мүмкіндік берді, ол 2020 жылғы 6 – 13 наурыз аралығында бір АҚШ доллары үшін 405,62 теңгеге дейін 6,1%-ға төмендеді» деп хабарлайды қаржы ұйымы.

Ұлттық банк жаһандық экономиканың даму перспективаларының айтарлықтай нашарлауын, сұраныстың төмендеуін және әлемдік тауар нарықтарында құбылмалылықтың күшеюін жаңа экономикалық шынайылық ретінде қарастырады. Қалыптасқан жағдайды талдау негізінде Ұлттық банк Brent мұнайы бағасының бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан 35 АҚШ долларына дейінгі бұдан былайғы серпіні туралы пайымдауын қайта қарады. Бағалардың жаңа деңгейі болжамдық кезеңнің соңына дейін базалық сценарий ретінде қарастырылады. Дамудың сценарийлік нұсқасының нашарлауы инфляцияның 2020 жылы нысаналы дәліздің жоғарғы шегіне шығу тәуекелін арттырды.

Қазіргі сәттен бастап жаңа іргелі жағдайларды ескере отырып, Ұлттық Банк еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниеттеніп отыр.

Ұлттық банк ішкі қаржы нарығындағы жағдайды бұдан әрі тұрақтандыруға қажетті құралдарға ие. Қажет болған жағдайда, сыртқы сектор тарапынан теріс салдарларды тежеу үшін қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлескен және үйлестірілген шаралар қабылдануы ықтимал. Ұлттық банк жағдайға мониторинг жүргізуін жалғастыруда және іргелі факторлардың қолданылуын көрсетпейтін және қаржылық тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайларда бағам ауытқуларын реттеу құқығын өзіне қалдырады.

Әлемдік экономикадағы ахуал нашарлаған жағдайда баға тұрақтылығын, елдің валюта нарығындағы және қаржы нарығындағы жағдайды ұстап тұру үшін қосымша шаралардың қабылдануы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2020 жылғы 27 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 15:00-де жарияланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT