+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Ұлттық Банк «Баспана» ипотекалық ұйымын қайта құрды

2020 жылғы 6 қаңтар 11:49
Бөлісіңіз:
Ұлттық Банк «Баспана» ипотекалық ұйымын қайта құрды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Ұлттық банкі жалғыз акционер ретінде «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ мен «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ қосып қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайта ұйымдастырылған компания «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ мен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ қызмет бағыттарын сақтайды. Атап айтқанда, олар - екінші деңгейдегі банктерді қаржылық қолдау арқылы банк секторының қаржылық тұрақтылығына жәрдемдесу; ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру, сондай-ақ бағдарламаға сәйкес екінші деңгейдегі банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын сатып алып, «7-20-25 Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы мен «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық өнім операторының функцияларын жүзеге асыру»,- деп хабарлады Ұлттық банк.

Қайта ұйымдастыру банк секторын дамыту және халық үшін ипотекалық қарыздардың қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ мен «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ активтерін тиімді пайдалануды арттыруға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT