Ұлттық банк алтын-валюта активтерінің көлемі жайында түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова 2021 жылдың желтоқсанында алтын-валюта активтерінің көлеміне жасалған интервенциялардың әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алтын-валюта резервтері биылғы желтоқсанның басынан бастап 1,1 млрд АҚШ долларына төмендеп, желтоқсанның соңында 34,4 млрд АҚШ долларын құрады. 2021 жылы көлемі алғаш рет 400 тонна белгісінен асқан алтын портфелі 402,4 тоннаға жетті немесе 23,5 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Ә. Молдабекова.

Оның айтуынша, желтоқсанда алтын бағасының бір унция үшін 1820 долларға дейін 1,3%-ға шамалы өсуі АҚШ-тағы үдей түскен инфляциядан туындады, алайда АҚШ ФРЖ риторикасы және активтерді сатып алу бағдарламасын қысқарту қарқынының жеделдеуі бағалы металл құнының одан әрі өсуін шектеді.

«Нәтижесінде, алтын-валюта резервтерінің төмендеуі активтердің валюталық бөлігі есебінен орын алды, ол мемлекеттік борышты төлеу, Үкімет шоттары және Ұлттық банк клиенттерінің корреспонденттік шоттары бойынша операциялар, сондай-ақ валюталық интервенциялар салдарынан 1,1 млрд-қа төмендеді», - деп тұсіндірді ҰБ өкілі.


Соңғы жаңалықтар