Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын іске асыру белсенділігін ұлғайтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі Қазақстан Президентінің Жолдауындағы барлық тапсырмаларды орындайды. Бұл туралы Елбасы Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды орындау мәселелері қаралған ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Д.Ақышев баяндамасында Ұлттық банктің ҚР Президентінің Жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды орындайтынына сендірді.

«Ұлттық банк Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын орындайды және бағаның тұрақтылығы мен қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады. Инфляцияның төмендеуі - бұл несие бойынша мөлшерлемлерді төмендету, халықтың нақты табысын көтеру және экономикадағы барлық шығындарды төмендету үшін басты фактор. Үкіметтің, Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы биыл инфляцияны белгіленген мақсатты дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді деп санаймыз», - деді Д.Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы бағаның өсуіне жол бермеу бойынша жоспарланып отырған шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар ол Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасын іске асыру белсенділігін ұлғайтып жатқанын жеткізді. Бағдарлама іске асырыла бастаған екі айдың ішінде банктер 25 млрд теңгеге несиелерді мақұлдаған. Президентке баяндалғандай, қазірге дейін азаматтардың 2 мыңнан астам өтінімі мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар