Ұлттық банк 67,2 млн АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Ұлттық Банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың сауда-саттығында 67,2 млн АҚШ доллары көлемінде валюталық өктемдік жүргізуін жалғастырды.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. Кеше бұл көрсеткіш 270,4 млн АҚШ долларын құраған болатын. Айта кету керек, 16 қыркүйекте ҚР Ұлттық банк валюталық өктемдік жүргізуге шешім қабылдады. Бұл қадам валюта нарығына қатысушылардың алыпсатарлық операцияларының əсерінен теңгенің айырбастау бағамының құбылмалылығының өсуіне əрі іргелі макроэкономикалық факторлардың объективті және елеулі өзгеруінің болмауына байланысты қабылданды. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Банкі 2015 жылғы 20 тамыздан бастап валюталық дәлізді алып тастауға және еркін өзгермелі айырбастау бағамына өтуге шешім қабылдаған болатын. Аталған қадам инфляциялық таргеттеу режиміне негізделген жаңа ақша-кредит саясатын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр. Теңгенің айырбастау бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптастырылғандығы бірнеше рет мәлімделді. Бұл ретте Ұлттық Банк теңгенің айырбастау бағамының нарықтық деңгейінің қалыптасуына араласпайды, бірақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, валюталық өктемдіктерді жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар