Ұлттық банк 20 мың теңгелік банкнотаға қатысты түсінік берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлттық банк қолма-қол ақшасыз төлемдер белең алып тұрған шақта 20 мың теңгелік банкноттарды не үшін шығарып жатқанын ҚазАқпарат тілшісінің арнайы сауалына берген жауабында түсіндірді.

«Қазақстан Ұлттық банкі жыл сайын экономикаға қажетті банкноттардың санын айқындайды, оларды дайындауды қамтамасыз етеді және айналысқа шығарады. Экономика субъектілерінің қолма-қол ақшаға деген қажеттілігіне байланысты номиналы 20 000 теңгелік айналымдағы банкноттарды айналымға шығару туралы шешім қабылданды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, қолма-қол ақша өзінің бірегей сипаттамаларына байланысты негізгі төлем құралдарының бірі болып қала береді», - делінген Ұлттық банк жауабында.

Қаржы реттеушісінің өкілдері аталған банкноттарды Қазақстанның бүкіл аумағында төлемдердің барлық түріне қолдануға, банк шоттарына аударуға, еліміздің барлық банктерінде айырбастау үшін қабылдауға міндетті екенін еске салды.

Айта кетсек, 1 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарды.


Фото: nationalbank.kz





Соңғы жаңалықтар