+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Ұлттық банк 2 қызметкерінің парамен ұсталуына түсінік берді

2018 жылғы 4 шілде 13:20
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк 2 қызметкерінің парамен ұсталуына түсінік берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің Тұтынушылардың қаржылық құқығын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Александр Терентьев Ұлттық банктің Оралдағы қызметкерлерінің ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Сондықтан бұл жұмыстар аяқталмайынша және сот шешімі шықпайынша біз түсініктеме бере алмаймыз. Біз барынша бұл жағдайды талдайтын боламыз. Банк басшылығы тапсырма берді. Егер ол адамдардың кінәсі дәлелденсе, жетекшілерге қатысты қатаң жаза қолданатын боламыз», - деді Александр Терентьев.

Мұның алдында бірқатар БАҚ-та Оралда екі қызметкер ұсталғаны турлы ақпарат таралған болатын.

Алдын ала ақпарат бойынша, олар Ақсай қаласындағы валюта айырбастау пунктінің иесінен ақша бопсалаған.

Кәсіпкер құзырлы органдарға шағымданамын деп наразылық білдірген соң ғана олар параны ақша түрінде қайтарған. Сол кезде күдіктілерді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлері ұстаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT