+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Ұлттық банк 1 тамыздан бастап банк секторы активтерінің сапасын бағалауға кіріседі

2019 жылғы 31 шілде 22:26
Бөлісіңіз:
Ұлттық банк 1 тамыздан бастап банк секторы активтерінің сапасын бағалауға кіріседі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Ұлттық банкі 1 тамыздан бастап Қазақстанның банк секторы активтерінің сапасын бағалауға кіріседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат қаржы ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк халықтың сенімін арттырғаны жөн – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент тапсырмасына сәйкес, банк секторы активтерінің сапасын бағалау (AssetQualityReview - AQR) жүргізіледі. Бұл процесс 1 тамыздан басталады және еліміздегі банк секторы активтерінің шамамен 87% құрайтын 14 ірі банкке қатысты болады.

AQR - банк секторының қаржылық тұрақтылығын кешенді бағалауды жүзеге асыру бойынша әлемдік нарықтағы жалпыға белгілі тәжірибе. Бұл - банктердің капиталға қажеттілігін анықтауға, портфельдің сапасына баға беруге, кредиттеу тәжірибесін талдауға мүмкіндік беретін диагностика.

Ұлттық банк жүргізіп отырған жұмыс үш негізгі мақсатты көздейді:

Біріншіден, негізгі банктердің қаржылық жағдайы туралы қолжетімді ақпараттың сапасын арттыру есебінен барлық банк жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету.

Екіншіден, банктердің қаржылық жағдайын жақсарту үшін түзету шараларын анықтау және ендіру есебінен қаржылық тұрақтылықты нығайту (қажет болған жағдайда).

Үшіншіден, Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің сенімділігін көрсету есебінен инвесторлар мен салымшылар тарапынан сенімді арттыру.

Банктердің қолданыстағы бизнес-процестерін жетілдіру (үздік халықаралық практикаға сәйкес), нақты экономиканы кредиттеуді жандандыру және Қазақстан халқы үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту рәсімнің нәтижесі болады.

Бұдан басқа, әлеуетті инвесторлар үшін қаржы секторының ашықтығын арттыру есебінен жалпы алғанда, Қазақстанның инвестициялық ахуалы жақсарады деп болжанып отыр.

AQR 2019 жылғы желтоқсанда аяқталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT