Ұлттық ат спорты: «Ұлы дала рухы» фестиваліне іріктеу өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Ұлы дала рухы» фестивалі аясында Батыс Қазақстан облысының дарабоздарын іріктеу жарысы өтті. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Қазанат ипподромында Спортшылар «Жамбы ату» мен «Теңге ілуден» бақ сынады. Фестиваль ертең де жалғасып, аударыспақтан сайыс өтеді. Екі күнге жалғасатын додаға жалпы саны 40-тан аса спортшы қатысады. Іріктеу сайысының жеңімпаздары 2-ші кезеңге жолдама алады. Ал ақтық бәсеке 11-16 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.

Айта кетейік, 4 шілдеде басталған фестиваль екі жарым айға созылады. Оған республика бойынша мыңнан астам спортшы қатыспақ.

«Бүгінде «Ұлы дала рухы» ұлттық фестиваліне 8 спорт түрі кіріп отыр. Бұл үлкен жетістік. Бүгінде әр спорт түрінің өзінің ережесі бекітілген. Бағдарламасы бар. Яғни ереже нақты мемлекет тарапынан бекітіліп отырғаннан кейін бұнын ары-қарай дамуына үлкен жол ашылады деген сөз», - деді Ұлттық ат спорты түрлері орталығының директоры Нұрсұлтан Ибрагимов.

Соңғы жаңалықтар