Ұлттық арнада отандық 14 жаңа телехикая көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – QAZAQSTAN арнасы жаңа маусымда жалпы саны 219 бөлім болатын 14 жаңа телехикая көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазмедиа орталығында Ұлттық арнаның 61-ші маусымының ашылуында айтылды.

Жаңа туындылар қатарында қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғысындағы алғашқы бетбұрыс - «Орбұлақ шайқасы», сахна сыртындағы өмір көрінісін бейнелейтін «Жаңғырық», тағдырдың тұрмысына мойымаған «Қанатсыз құстар», «Гауһар», «47 баланың анасы», шытырманға толы «Қашқын», «Жолайрық», тағдырдың жазуымен екіге бөлінген «Егіз ғұмыр», өзгенің өмірі үшін арпалысқан «Ғазиз жүрек», отбасы мен махаббат таңдауға түскен «Әулет ары» телехикаялары бар.

Сонымен бірге, отансүйгіштікке үндейтін, намысты шыңдайтын «Шекара», «Әскерден хат», екі түрлі ұлт пен дүниетанымды бір шаңыраққа тоғыстырған «Қара жорға», үлкен арманға асыққан «Елдің баласы» сериалдары бар.

Сонымен бірге, тарихтың ақтаңдақ беттерін парақтайтын «Беймәлім Алаш», «Бір пьеса ізімен», «Тұлғалар», көрікті жерлердің тұрмыс-тіршілігімен таныстыратын «Кең байтақ қазақ елі», «Рухани жаңғыру. Екі жылдық асу» деректі фильмдері көрерменге жол тартады.

Бұған дейін «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай ұлттық арнаның 61-ші маусымын ашқан болатын.

Еске сала кетсек, күзгі жаңа маусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасынан 14 жаңа жоба эфирге шығады. Осыған дейін көрермен ықыласына бөленіп үлгерген 10 бағдарлама жаңаша форматта қайта ұсынылды.


Соңғы жаңалықтар