«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

None
None
АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ- мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының арасында ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ төрағасының орынбасары Әзиза Шөжееваның айтуынша, холдинг қызметінің басты бағыттарының бірі Қазақстандағы АТ (ақпараттық технологиялар) саласындағы білім берудің дамуына көмек көрсету. Осыған орай бүгінгі өткен іс-шараның негізгі мақсаты жоғары деңгейдегі АТ мамандарын дайындау үшін жоғары оқу орындарының күш-қуатын нығайтуға бағытталған.

 «Біріншіден, осы меморандумның көмегімен ЖОО-лар біздің еншілес компанияларды өздерінің студенттері үшін тәжірибе алаңы ретінде  пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Яғни осы білім ордаларының студенттері ірі мемлекеттік АТ жобаларының жүзеге асырылуы барысы жайында толыққанды білім алып, тәжірибе жинақтайды. Екіншіден, біз АТ жобалар бойынша  етене жұмыс істеуге мүмкіндік аламыз», деді ол.

Сонымен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ -мен Халықаралық АТ университеті, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, ММУ-дің Астана қаласындағы филиалы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Астана қаласының политехникалық колледжі, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қазақстан-британ техникалық университеті, «Қаржы академиясы» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар